8 қазақ сыныбында Алғыс айту күніне арналған ашық тәрбие сағаты өтті.
Тақырыбы: "Алғыс айту -парызым".
Мақсаты:
- Оқушыларға Алғыс айту күнінің маңызын түсіндіру.
- Әр адамға алғыс айтып, жақсылықты бағалай білу дағдыларын дамыту.
- Оқушылардың өзара құрмет пен алғыс білдіру мәдениетін қалыптастыру.
- Жақсы қарым-қатынасты насихаттап, ұжымдық рухты нығайту.
Сынып жетекшісі Мазанова Б.Т. ашық тәрбие сағатында оқушыларға Алғыс айту күні туралы түсінік берді. Бұл күннің мәні мен маңызын талқылап, оқушыларға бір-біріне алғыс айту арқылы қоғамда жақсы қарым-қатынастар орнатудың қажеттілігі түсіндіріілді.
Алғыс айту — адамдардың өзара сыйластығын арттыратын маңызды құндылық екенін айтты.
Оқушылар өздерінің өмірінде алғыс айтатын адамдар туралы әңгімеледі. Олар ата-аналарына, ұстаздарына және жақындарына алғыс білдіріп, шын жүректен жасаған жақсылықтарын бағалай білудің маңыздылығын түсінді.
Оқушылар бір-біріне алғыс хаттар жазып, сыныптастарына деген ізгі тілектерін білдірді. Әр оқушы өздерінің жүрегінен шыққан алғыс сөздерін айтып, жағымды эмоциялармен бөлісті.
Сынып жетекшісі алғыс айту — тек бір күнде емес, әр күні жасап жүретін жақсы іс екенін атап өтіп, оқушыларды бір-біріне көбірек алғыс айтуды үйренуге шақырды.
Алғыс айту күніне арналған ашық тәрбие сағаты оқушыларға тек жеке адамдарға ғана емес, қоғамдағы әрбір адамға алғыс білдірудің маңыздылығын түсінуге көмектесті. Бұл іс-шара балалардың өзара құрмет пен көмек көрсетуге деген ынтасын арттырып, сыныптағы достықты нығайтуға әсер етті.
Павлодар облысы білім беру басқармасы, Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Бескарагайская средняя общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области |
|
---|
Павлодар облысы білім беру басқармасы, Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Бескарагайская средняя общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области
МЕНЮ