2025 жылдың
27 қараша күні Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебінде қоғамтану-гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес «Оқу үрдісінде жасанды интеллектті пайдалану жолдары» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі Оспанов А. Е. шебер-сынып өткізді.
Мақсаты:
Мұғалімдерге білім беру үрдісінде жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану жолдарын көрсету, цифрлық сауаттылықты арттыру және инновациялық әдістерді тәжірибеге енгізу.
Шебер-сынып барысында:
- Жасанды интеллект негізіндегі платформалар таныстырылды (ChatGPT, Curipod, Canva т.б.)
- Сабақ үлгілері мен презентация жасау тәсілдері көрсетілді
- Қатысушылар практикалық тапсырмалар орындады
- Ашық пікір алмасу мен сұрақ-жауап кезеңі ұйымдастырылды
Іс-шараға пән мұғалімдері белсене қатысып, өз тәжірибелерін толықтыруға мүмкіндік алды.




