Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2026 жылы 15 қаңтар күні
9-сыныпта қазақ әдебиеті сабағы қашықтықтан оқыту форматында өткізілді. Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы. Құлагер бейнесі. Сабақ онлайн платформа арқылы ұйымдастырылып, білім алушылардың сабаққа толық әрі белсенді қатысуына мүмкіндік жасалды.
Сабақ басында І. Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығына шолу жасалып, поэманың жазылу тарихы мен тақырыптық-идеялық бағыты түсіндірілді. «Құлагер» поэмасындағы Құлагер тұлпарының бейнесі, оның еркіндік пен сұлулықтың, жүйріктік пен адалдықтың символы ретіндегі маңызы талданды. Сабақ барысында поэмадан үзінділер оқылып, көркемдік ерекшеліктері, тілдік бейнелеу құралдары анықталды. Оқушылар шығарманың негізгі идеясын ашу мақсатында сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін білдірді. Қашықтықтан оқытуға сәйкес талдау, ой қорыту, салыстыру тапсырмалары орындалды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Кусманова Батжамал Муслимовна
|
Павлодар облысы білім беру басқармасы, Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Бескарагайская средняя общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
Павлодар облысы білім беру басқармасы, Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Бескарагайская средняя общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области
МЕНЮ




