Павлодар облысы білім беру басқармасы, Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Бескарагайская средняя общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области |
|
---|
12
Желтоқсан
2024
|

Құрметті Аққулы ауданының тұрғындары!
Өкінішке орай, біздің ауылдастарымыз алаяқтардың құрбаны болуды жалғастыруда.
Қаскүнемдер өздерін банк, Казпочта қызметкерлері, тіпті таныстар мен жақын адамдар ретінде көрсетіп, сенімді түрде түрлі манипуляцияларды жасауды сұрайды.
Сол себепті, сіздерден тағы да өтінемін:
- күмәнді әңгімелер мен хат алмасуларды тоқтатып, ақпаратты полицияның 102 нөмірі арқылы қайта тексеріңіздер;
- белгісіз сілтемелерге өтпеңіздер;
- қашықтан қол жеткізуге арналған ұсынылған бағдарламаларды жүктемеңіздер;
- жеке деректеріңізді, жіберілген кодтар мен құпиясөздерді ешкімге бермеңіздер;
- банктің немесе микроқаржы ұйымдарының ресми өкілдерімен қайта тексермей, несие рәсімдемеңіздер;
- егер мәміле күмәнді пайдамен немесе тауар тым төмен бағамен ұсынылса, ақшаны бермеңіздер;
- өз құқығыңызды пайдаланып, әңгімені мемлекеттік тілге ауыстыруға тырысыңыздар.
Ескертемін – бұл алаяқтар болуы мүмкін!
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз, осы ақпаратты әр адамға жеткізіңіз.
Құрметпен, Аққулы ауданының прокуроры С. Асаинов.
5
Желтоқсан
2024
|

Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебінде 3 желтоқсан күні жаратылыстану-математика пәндері апталығының жоспарына сәйкес 3- сыныпта ақпараттық технология пәнінен ашық сабақ өткізілді. Тақырыбы: " Костюм ауыстыру". Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Scratch бағдарламасында қарапайым бағдарлама құру дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілеттерін дамыту. Пән мұғалімі: Оспанов А.Е.