|
Павлодар облысы білім беру басқармасы, Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Бескарагайская средняя общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
29
Қараша
2024
|
Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебінде 28 қараша күні Қоғамтану -гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестік апталғының жоспарына сәйкес Қазақ тілі пәнінен6 сыныпта “Кім жылдам?” сайысы өтті. Мақсаты: Қазақ тілі пәнінен алған білімдерін кеңейту, тереңдету, жетілдіру, қалыптастыру. Білімге деген құштарлығын, қызығушылығын арттыру. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке баулу.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кусманова Батжамал Муслимовна.
|
18
Қазан
2024
|
18 қазанда Аққулы ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен "Шабыт" шығармашылық фестивалінде біздің оқушылар тамаша өнер көрсетіп, командалық есепте 1-орынға ие болды!
Жекелеген номинациялар бойынша да жетістіктеріміз жоғары болды:
- "Ән көңілдің ажары" номинациясы бойынша Ахметов Нурали 2-орын;
- "Би" номинациясы бойынша 3-орын;
- "Аққулы ауданымызға — 85 жыл. Біз ауданымызды мақтан тұтамыз" макет байқауында 2-орын;
- "Домбырасыз ән қайда" номинациясы бойынша 1-орын.
Жетекшілері:
- ТЖДО: Ахметова А.Т.
- Аға тәлімгер: Кадырханова Г.Н.
- Домбыра үйірмесінің жетекшісі: Тілеубек Самет
- Музыка пәні мұғалімі: Ахметов К.А.
- Көркем еңбек пәні мұғалімдері: Сейсембеков С.Н., Тусупова Б.Е.
Барлық жеңімпаздар мен жетекшілерді осы жетістіктерімен құттықтаймыз!





