«Ақ шағала» аудандық хореографиялық фестиваль-байқауы өткізілді
Аққулы ауданының білім бөлімі әдістеме кабинетінің жоспарына сәйкес «Ақ шағала» аудандық хореографиялық фестивалі өткізілді.
Фестиваль-байқаудың мақсаты: білім алушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және одан әрі дамыту бойынша жүйелі және мақсатты іс-шаралар жүргізу, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға тарту.
Фестиваль-байқау екі номинациялар бойынша өткізілді: халық биі және халықтық стильдегі би - әлем халықтарының билері, қазақ биі, заманауи би: эстрадалық би және аралас би.
Әділ –қазылар бағалауында келесі критерийлерін басшылыққа алды: стильдердің үйлесімінің өзгергіштігі, өзіндік ерекшелігі және үйлесімділігі; композициялық шешім; би қойылымы-идея; техника және орындау деңгейі;
жоғары сапалы орындау және көркемдік және сюжеттік сахналық көрініс.
Халық биі және халықтық стильдегі би номинациясы бойынша 1 орынға ие болған Әйтей ауылының негізгі мектебі; 2 орын - Б.Уахатов ат.ОМ мен Шақа ОМ ; 3 орын С.Сатыбалдин ат.ОМ, Ямышев ОМ, Бесқарағай ОМ ; Майқарағай ОМ.
Заманауи би номинациясы бойынша: 1 орынға Шарбақты орта мектебі; 2 орын – Жамбыл ОМ; 3 орын А.Баймұлдин ат.ОМ;
«Стильдердін үйлесімінің өзгергіштік би» номианциясына ие болған Абай ат. негізгі мектебі; «Өзіндік ерекше және үйлесімді би» номинациясы бойынша Шақа орта мектебі; «Композициялық шешім» номинациясы Қазантай негізгі мектебі; «Көркемдік және сюжеттік би» номинациясы бойынша Жабағылы негізгі мектебі ие болды.