Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің 7 қазақ сынып жетекшісі Мазанова Б. Т. " Тиімді әрі дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: оқушыларды дұрыс тамақтану мәдениетімен, ережелерімен таныстыра отырып, пайдалы және зиянды тағамдар туралы түсінік беру. Күнделікті өмірде оқушылардың тұтынып жүрген тағам түрлері, адам ағзасына әсерін анықтау.
Мазанова Б.Т. 7 сыныпта тәрбие сағатында кіріспе бөлімде баяндама оқыды.
“Кім шапшаң?”, “Тапқыр болсаң, талас жоқ”, “Жағдаяттарды шешу” кезеңдерін қамтыған тәрбие сағаты болды. Оқушылар белсене қатысып, өз ойларын ортаға салды. Ең бастысы дұрыс тамақтану туралы түсінік қалыптастырып, нақты ақпараттар алды.