Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2026 жылғы 16 қаңтар күні
5-сыныпта қазақ әдебиеті сабағы қашықтықтан оқыту форматында вацап видеосабағы арқылы өткізілді. Сабақтың тақырыбы: «Егіннің бастары.
Әке өсиеті» болды. Сабақ барысында білім алушылар мәтін мазмұнымен танысып, негізгі ойды анықтау, кейіпкерлер әрекетіне баға беру бағытында тапсырмалар орындады. Қашықтықтан оқыту платформасы арқылы оқушылардың белсенділігі қамтамасыз етіліп, сұрақ-жауап, пікір алмасу әдістері қолданылды.
Оқушылар өз ойларын жүйелі жеткізіп, сұрақтарға нақты жауап беріп, шығармашылық тапсырмалар арқылы тақырыпты терең меңгерді.
Сабақ соңында оқушылар тақырып бойынша өз ойларын білдіріп, адамгершілік, еңбекқорлық және әке өсиетінің тәрбиелік мәнін түсінді.
Сабақ мақсатына толықтай қол жеткізілді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Кусманова Батжамал Муслимовна
|
Павлодар облысы білім беру басқармасы, Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Бескарагайская средняя общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области |
|
|---|




