Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2026 жылғы 16 қаңтар күні
7-сыныпта қазақ әдебиеті сабағы қашықтықтан оқыту форматында вацап видеосабағы арқылы өткізілді. Сабақтың тақырыбы «Күңіреніп көкірегі нар қобыздай…» Сабақ барысында білім алушылар тақырып мазмұнын терең түсінуге бағытталған танымдық әрі шығармашылық тапсырмаларды жоғары белсенділікпен орындады. Мәтінмен жұмыс жасау арқылы негізгі ойды анықтап, көркем тіл өрнегін талдап, шығармадағы рухани мәнді ашуға талпынды. Оқушылар өз пікірлерін дәлелді түрде жеткізіп, ой бөлісу барысында сабаққа қызығушылық танытты.
Сабақ соңында кері байланыс ұйымдастырылып, орындалған тапсырмалар сараланып, оқу мақсаттарының толық жүзеге асқаны айқындалды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Кусманова Батжамал Муслимовна
|
Павлодар облысы білім беру басқармасы, Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Бескарагайская средняя общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области |
|
|---|




