Республика күніне орай «Шабыт» фестивалі өтті
Аққулы ауданында Республика күніне орай «Шабыт» балалар шығармашылығының байқауы өткізілді. « Қазақстан-арман елі» балалар шығармашылық конкурсы білім бөлімінің жоспарына сәйкес төрт бағыт бойынша өтті. Конкурсқа 200 –ден астам бала қатысты.
Бірінші номинация бойынша «Қазақстан-арман елі. Біз Отанымызды мақтан тұтамыз» макет байқауында әр қатысушы Отан туралы өз ойларын ортаға салды.
«Ән - көңілдің ажары» номинациясы бойынша Туған жер немесе патриоттық әндер соло, дуэт, квартетпен орындады. «Домбырасыз ән қайда?» үшінші номицияда қазақтың ұлттық аспаптарымен 1 күй орындап, ансамбль ұжымын көрсете білсе, төртінші «Мың бұралған билер-ай» номинациясы бойынша мектеп қатысушылары әр ұлттың билерін көрсете білді.
Орындаушылардың шеберлігі және сахна мәдениетін сақтау әділ –қазыларының шешімі бойынша жалпыкомандалық есепте 1-ші орынға Аққулы орта мектебі ие болды. 2-ші орынға А.Баймұлдин ат.ОМ, 3-ші орынға Бесқарағай мектебі ие болды.
Барлық қатысушылар мен жүлдегерлер білім бөлімінің мадақтамаларымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Павлодар облысы білім беру басқармасы, Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Бескарагайская средняя общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области |
|
---|