2023 жылдың 28қыркүйекте ҚР Оқу ағарту министрінің төралығымен 2023 жылғы 4 қыркүйектегі №28 хаттамасының 2.4 тармағын орындау мақсатында мектебімізде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» ашылды.
Орталықтың мақсаты: балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде мемлекеттік орта білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының міндеттері:
1) балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуға бағытталған ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру;
2) білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудағы өзара ісқимылды нығайту;
3) отбасылық тәрбие процесінде балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша ата- аналардың уәждемесін арттыру.
Орталық аясында өтетін сабақ жоспары мен кестесі жасалып, бекітілді. Біліктілік курстарынан өткен және шығармашыл педагогтерден жұмыс тобы құрастырылып, бекітілді: ТЖДО- Апсаликова А.Т., психологтар- Узбекова С.Б., Каирбаева Р.К., 1-4 сынып жетекшілер Кадырханова Г.Н., Рахимжанова Ж.Б., Жумашева Д.А., 5-9 сынып жетекшілер- Тусупова Б.Е., Альдикенова А.С., Мазанова Б.Т., Жумашева М.Т., Сейсембеков С.Н., Оспанова М.Ж..
Орталықтың жұмыс жоспары 1-4 сынып ата-аналарына және 5-9 сынып ата-аналарына жекелей құрастырылыды. 1 айда - 1 іс-шара ұйымдастырылу қажет.
ДТЖО : Апсаликова А.Т.