Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебінде 13 ақпан күні 8-сыныпта қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы.
Сабақтың мақсаты: Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым -қатынасының тілдік көрінісін талдай алу.
Сабақта бірнеше тапсырмалар және бірнеше әдістер қолданды.
1-тапсырма. Шығарманың сюжеттік желісіне арқау болған оқиғаны жазды.
(Топпен жұмыс)
2-тапсырма. Берілген үзіндіде қарамен жазылған жолдарға назар аударып, авторға мінездеме берді. (Топпен жұмыс)
3-тапсырма. Поэманың сюжеттік желісі бойынша жоспар құруда
«Жоспар тізбегі» әдісін қолданды. ( Жеке жұмыс)
4-тапсырма. Кейіпкерлердің сөзін анықтады. ( Жұптық жұмыс)
5-тапсырма. Үзіндідегі кейіпкерлер қатынасын анықтап, тілдік көрінісін талдады. ( Жұптық жұмыс)
Сабақта білім алушылар белсенділік танытты. Сабақ өте жақсы деңгейде өтті.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Кусманова Б.М.