|
Павлодар облысы білім беру басқармасы, Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Бескарагайская средняя общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
5
Желтоқсан
2024
|
- Қаралды: 371
Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебінде 3 желтоқсан күні жаратылыстану-математика пәндері апталығының жоспарына сәйкес 3- сыныпта ақпараттық технология пәнінен ашық сабақ өткізілді. Тақырыбы: " Костюм ауыстыру". Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Scratch бағдарламасында қарапайым бағдарлама құру дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілеттерін дамыту. Пән мұғалімі: Оспанов А.Е.
|
18
Қазан
2024
|
- Қаралды: 344
18 қазанда Аққулы ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен "Шабыт" шығармашылық фестивалінде біздің оқушылар тамаша өнер көрсетіп, командалық есепте 1-орынға ие болды!
Жекелеген номинациялар бойынша да жетістіктеріміз жоғары болды:
- "Ән көңілдің ажары" номинациясы бойынша Ахметов Нурали 2-орын;
- "Би" номинациясы бойынша 3-орын;
- "Аққулы ауданымызға — 85 жыл. Біз ауданымызды мақтан тұтамыз" макет байқауында 2-орын;
- "Домбырасыз ән қайда" номинациясы бойынша 1-орын.
Жетекшілері:
- ТЖДО: Ахметова А.Т.
- Аға тәлімгер: Кадырханова Г.Н.
- Домбыра үйірмесінің жетекшісі: Тілеубек Самет
- Музыка пәні мұғалімі: Ахметов К.А.
- Көркем еңбек пәні мұғалімдері: Сейсембеков С.Н., Тусупова Б.Е.
Барлық жеңімпаздар мен жетекшілерді осы жетістіктерімен құттықтаймыз!
|
5
Желтоқсан
2024
|
- Қаралды: 319
Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебінде 3 желтоқсан күні жаратылыстану-математика пәндері апталығының жоспары бойынша 7-8 сыныптарында география пәнінен интеллектуалдық викторина өткізілді. Тақырыбы: "Табиғат әлемі – жұмбақтар мекені". Мақсаты: Оқушылардың география пәніне деген қызығушылығын арттыру. Табиғат, география және елдер туралы білімдерін кеңейту. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Пән мұғалімі: Шадиханов Е.И.
|
18
Қазан
2024
|
- Қаралды: 683
17 қазан күні Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспары бойынша "Дұрыс тамақтану әдет-ғұрпын құру", "Бүкіл отбасы үшін пайдалы рацион", "Тамақ ішу" тақырыптарында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында ата-аналарға дұрыс тамақтану туралы бейнежазба көрсетіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл іс-шара отбасы мүшелерінің денсаулығын жақсартуға және тамақтану мәдениетін дамытуға бағытталған.
|
5
Желтоқсан
2024
|
- Қаралды: 354
04.12.2024 жылы Аққулы ауданының Потанин жалпы орта білім беретін мектебінде
Құзірет орталығының өсу нүктелерінің жоспарына сай аудан көлемінде өткізілген «Шабыт- жетістікке жол» атты семинарда кіріктірілген ашық сабақ қазақ тілі мен тарих пәнінен өтті. Сабақтың тақырыбы: Алтын адам мәдениетіне саяхат. Сабақтың мақсаты: Есік обасынан табылған Алтын адам археолгиялық ерекшеліктерін анықтау.
Әлеуметтік -тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени тақырыптарға диалог арқылы көтерілген мәселені түсіндіру. Потанин жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Рамазанова К.К. Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Кусманова Б.М. Потанин жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі: Жолдасбекова Ж.С. ашық сабақты жоғары деңгейде өткізді.Сабақта бірнеше әдіс-тәсілдер қолданды. Оқушылар «Сақ еліне », «Жетісу жеріне», «Есік қорғанына » саяхат жасады. Сонымен бірге «Ақ сүйек ойыны» ойнатылды. Сабақта «Жасанды интеллект» бағдарламасына байланысты тапсырмалар орындады. Білім алушылар өз білімдерін ортаға салды. Сабақ қызықты да тартымды өтті.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Кусманова Батжамал Муслимовна
- Қаралды: 335
|
29
Қараша
2024
|
- Қаралды: 330
Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебінің 3 сыныптың "Have got, has got " сабағы.Мақсаты:"Feelings" тақырыбы бойынша сөздік қорларын байыту. Ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту: типтік фразаларды қолдануға жаттықтыру I have/has got. Оқушылардың ой - өрісін, сөздік қорын жетілдіру.Ағылшын пәніне қызығушылықтарын арттыру.
|
17
Мамыр
2024
|
- Қаралды: 363
2024 жылы мамыр айының 16 - күні Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебінде «Қолжетімді сапалы білім беру» Ұлттық баяндамасын іске асыру бойынша құрылған Жол картасы аясында Абай атындағы негізгі жалпы білім беру мектебі мен Баймульдин жалпы орта білім беру мектебінің жұмыс жоспарының негізінде семинар өтті.
«Дарынды балалармен жұмыс: ізденіс және шешу жолдары»
Ұстаз жетістігі – мектеп мәртебесі (педагогтардың шығармашылық шеберлігін шыңдау) атты тақырыбында мұғалімдер тәжірибе алмасты.
Сонымен қатар мұғалімдермен психологиялық тренинг өтті. Семинар өз дәрежесінде жоғары деңгейде өтті.
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Батжамал Муслимовна Кусманова
|
29
Қараша
2024
|
- Қаралды: 334
Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебінде 28 қараша күні Қоғамтану -гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестік апталғының жоспарына сәйкес Қазақ тілі пәнінен6 сыныпта “Кім жылдам?” сайысы өтті. Мақсаты: Қазақ тілі пәнінен алған білімдерін кеңейту, тереңдету, жетілдіру, қалыптастыру. Білімге деген құштарлығын, қызығушылығын арттыру. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке баулу.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кусманова Батжамал Муслимовна.
|
15
Мамыр
2024
|
- Қаралды: 367
15 Мамыр күні 7 қазақ сыныбында ата - аналар жиналысы өтті.
Мақсаты: 2023-2024 оқу жылының қорытындысымен ата- аналарды таныстыру, жазғы демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздік шараларын сақтауын қамтамасыз ету. Аралық аттестаттау және Жазғы мектеп жұмысы жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Сынып жетекшісі: Мазанова Б. Т.











