ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысы білім беру басқармасы, Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Бескарагайская средняя общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области
Бескарагай а.
+7 (718) 394 13 45
beskaragai@aqqulyroo.edu.kz

Павлодар облысы білім беру басқармасы, Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Бескарагайская средняя общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
12
Желтоқсан
2023

Бесқарағай ЖОББМ 7 сынып оқушыларымен " Көміртегі тотығы. Қауіпсіздік шаралары.", "Үсік алудағы алғашқы медициналық көмек", "Тыныс алу мүшелері мен теріге арналған жеке қорғаныс құралдары" тақырыбында интерактивті сабақтар өткізілді.
Сынып жетекшісі: Мазанова Б. Т.

17
Мамыр
2024

2024 жылы мамыр айының 16 - күні Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебінде «Қолжетімді сапалы білім беру» Ұлттық баяндамасын іске асыру бойынша құрылған Жол картасы аясында Абай атындағы негізгі жалпы білім беру мектебі мен Баймульдин жалпы орта білім беру мектебінің жұмыс жоспарының негізінде семинар өтті.
«Дарынды балалармен жұмыс: ізденіс және шешу жолдары»
Ұстаз жетістігі – мектеп мәртебесі (педагогтардың шығармашылық шеберлігін шыңдау) атты тақырыбында мұғалімдер тәжірибе алмасты.
Сонымен қатар мұғалімдермен психологиялық тренинг өтті. Семинар өз дәрежесінде жоғары деңгейде өтті.


Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Батжамал Муслимовна Кусманова

26
Қазан
2023

Республика күніне орай кітаптар "Менің елім" кітаптар инсталляциясы
Орындаған: кітапханашы Альдикенова А.С.

15
Мамыр
2024

15 Мамыр күні 7 қазақ сыныбында ата - аналар жиналысы өтті.
Мақсаты: 2023-2024 оқу жылының қорытындысымен ата- аналарды таныстыру, жазғы демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздік шараларын сақтауын қамтамасыз ету. Аралық аттестаттау және Жазғы мектеп жұмысы жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Сынып жетекшісі: Мазанова Б. Т.

24
Қазан
2023

Бірыңғай жасөспірімдер "Жас Ұлан" мен "Жас қыран" ұйымына оқушыларды қабылдау рәсімі

 

22
Ақпан
2024

Қоғамдық-гуманитарлық пәндер онкүндігі аясында 2024 жылғы 15 ақпанда Бесқарағай ЖОББМ - де 5-6 сынып оқушылары арасында "Біз - орыс тілінің достарымыз" викторина ойыны өткізілді. Іс-шараның мақсаты: орыс тілінің байлығын ашу, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту, балалардың сөздік қорын кеңейту, сөйлеу мәдениетін тәрбиелеу. Іс-шараны орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б. Т. Мазанова өткізді.

11
Қазан
2023

Мектебімізде " Мектеп Президентіне" үміткерлер сайлауы өтті.

45

14
Желтоқсан
2023

Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің 7 қазақ  сынып жетекшісі  Мазанова Б. Т. " Тиімді әрі дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. 

Мақсаты: оқушыларды дұрыс тамақтану мәдениетімен, ережелерімен таныстыра отырып, пайдалы және зиянды тағамдар туралы түсінік беру. Күнделікті өмірде оқушылардың тұтынып жүрген тағам түрлері, адам ағзасына әсерін анықтау.

Мазанова Б.Т.  7 сыныпта тәрбие сағатында кіріспе бөлімде баяндама оқыды.

 “Кім шапшаң?”, “Тапқыр болсаң, талас жоқ”, “Жағдаяттарды шешу” кезеңдерін қамтыған тәрбие сағаты болды. Оқушылар белсене қатысып, өз ойларын ортаға салды. Ең бастысы дұрыс тамақтану туралы түсінік қалыптастырып, нақты ақпараттар алды.

6
Наурыз
2023

Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебінде,8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған,”Ару Қыздар” байқауы өткізілді! Мақсаты:
1. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу.
2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу. Байқаудың нәтижесі. 💐💐💐💐 “Мен қазақтың қызымын” номинациясы бойынша 1 орын Тлектес Аружан💐. “Қыз еркем-кестесімен көркем”номинациясы бойынша-1 орын Ерқанат Еркежан💐. “Қызды тәрбиелеген-ұлтты тәрбиелейді”💐номинациясы бойынша-1 орын Мукашева Айзере💐. “Өнер”номинациясы бойынша-1 орын Сүйіндік Айару💐. “Сұлулық сыры”номинациясы бойынша -1 орын Сүйіндік Ақерке💐Құттықтаймыз!

© 2025. Все права защищены.