|
Павлодар облысы білім беру басқармасы, Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Бескарагайская средняя общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
17
февраля
2026
|
https://youtube.com/shorts/AAX7aUtaf-Y?si=MUfysO_snVMFWpWL
Кеш барысында ақын поэзиясындағы отансүйгіштік, махаббат, адамгершілік, туған жерге деген сағыныш сынды асыл құндылықтарды дәріптеу көзделді. Оқушылардың көркем сөз оқу шеберлігін дамыту, поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру, эстетикалық талғамын қалыптастыру -кештің басты мақсаттарының бірі.
Мұқағали-мәңгілік өмір! Ақын мұрасы, маржан поэзиясы-мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін мұрасы, ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлең құмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек. Ақынның сөзі өлмесе, өзі де өлмегені.
9- сынып оқушысы Кенжебай Бүрлен Мұқағали Мақатаевтың
«Шеше, сен бақыттысың!» өлеңін мәнді де мәнерлі оқыды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері:
Кусманова Батжамал Муслимовна
Альдикенова Айгуль Серикпаевна
|
17
февраля
2026
|
Бескарағай жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мен мектеп директорының оқу ісі жөнінен орынбасары: Кусманова Батжамал Муслимовнаның «Педагогтің бір күні»
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы айтқандай:
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға деп
Осы асыл сөзді өмірлік ұстанымына айналдырған, 33 жыл бойы ұстаздық жолында талмай еңбек етіп келе жатқан Кусманова Батжамал Муслимовнаның бір күні ерте таңнан ерекше жауапкершілікпен басталады. Ол мектепке бәрінен бұрын ерте келіп, білім ордасының есігін күлімдеп ашады. Таңғы таза ауамен бірге мектеп дәлізіне жылылық сыйлап, әріптестерін де, оқушыларын да шат көңілмен қарсы алады. Мұғалімдерге ізгі тілек айтып, оқушыларға аналық мейіріммен қарап, жылы жүзбен амандасады. Оның сол бір шынайы күлкісі мен жүрек жылуы балаларға сенім ұялатып, күннің сәтті басталуына себеп болады. Мектеп табалдырығын аттаған әр шәкірт өзін қауіпсіз әрі қадірлі сезінеді.Сабақ барысында педагог тек білім үйретіп қана қоймайды,балаға бағыт-бағдар береді,қолдау көрсетеді.Бір оқушының сұрағына жауап берсе,екіншісінің көңіл күйін байқап,жігерлендіреді. Әр баланың жүрегіне жол табу-педагогтің басты міндеті. Сабақтан кейін де оның еңбегі аяқталмайды.Жоспар құрып,дәптер тексеріп,ата -анамен сөйлесіп,келесі күнге дайындалады.
Шаршағанымен,шәкірттерінің жетістігін көргенде,бар еңбегінің ақталғанын сезінеді. Педагогтің бір күні -тынымсыз еңбек,үлкен сабыр мен мейірімге толы күн. Осындай күндердің арқасында білімді,саналы ұрпақ қалыптасады.
Осылайша, Батжамал Муслимовнаның әрбір таңы - мейірім мен парасатқа толы ұстаздық жолдың жарқын көрінісі.





