|
Павлодар облысы білім беру басқармасы, Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Бескарагайская средняя общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
17
февраля
2026
|
Аққулы ауданы Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебінің ,Ұрпақ үні,, облыстық жобасы аясында өткізіліп жатқан Абайдың қара сөздері челленджіне қатысушы 7- сынып оқушысы Сүйіндік Айару. Абайдың
бірінші қара сөзі.
Мұғалімі: Кусманова Батжамал Муслимовна.
|
17
февраля
2026
|
https://www.instagram.com/reel/DU06uNRDNN5/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTc4MTIwNjQ2YQ==
Білім сапасын арттыру мақсатында Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебінің мектепалды сыныбында оқу-тәрбие жұмысы жүйелі түрде жүргізілуде. Білім беру үдерісі мемлекеттік стандарттар мен әдістемелік талаптарға сәйкес ұйымдастырылып, балалардың жас ерекшеліктеріне сай дамуына жағдай жасалған.
Мектепалды сыныбында бір күн тәрбие мен білім берудің жоспарлы режиміне сәйкес ұйымдастырылады. Таңертең балаларды тәрбиеші жылы қарсы алып, олардың денсаулығы мен көңіл күйіне назар аударады. Балалар еркін ойындар ойнап, таңғы жаттығу жасалып, психологиялық тренинг өткізіледі. Күннің бірінші жартысында ұйымдастырылған іс-әрекет өткізіледі. Бұл кезеңде балалар оқу қызметіне қатысып, әріптер мен сандарды қайталайды, сурет салады, жапсырады, құрастырады, тақпақ айтып, тапсырмаларын орындайды. Іс-әрекет балалардың танымдық, шығармашылық және сөйлеу қабілеттерін дамытуға бағытталады.
Сабақтан кейін балалар таза ауада серуендейді. Серуен барысында қимылды ойындар ойнап, дене жаттығуларын жасайды, табиғатты бақылап, бір-бірімен қарым-қатынас жасайды. Бұл олардың денсаулығын нығайтып, шынығуына ықпал етеді.
Осылайша, мектепалды сыныбындағы бір күн балалардың жан-жақты дамуына, денсаулығын сақтауға және мектепке дайындығын қалыптастыруға бағытталған.





