ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысы білім беру басқармасы, Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Бескарагайская средняя общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области
Бескарагай а.
+7 (718) 394 13 45
beskaragai@aqqulyroo.edu.kz

Павлодар облысы білім беру басқармасы, Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Бескарагайская средняя общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
24
Қыркүйек
2026

Мектеп асханасында бракераждық бақылау жүргізілді

 

Мектебімізде оқушылардың сапалы әрі қауіпсіз тамақтануын қамтамасыз ету мақсатында бракераждық комиссия мүшелері мектеп асханасына кезекті тексеріс жүргізді.

 

Тексеру барысында дайын тағамдардың сапасы, сыртқы түрі, дәмі, температурасы, ұсынылуы, ас мәзірінің бекітілген талаптарға сәйкестігі, сондай-ақ асхананың санитариялық жағдайы назарға алынды.

 

Бракераждық комиссия мектеп асханасында оқушыларға берілетін тағамдардың сапасы мен қауіпсіздігін тұрақты бақылауда ұстайды. Мұндай жұмыстар балалардың денсаулығын қорғау және дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету бағытында жүйелі түрде жүргізіл

17
Ақпан
2026

Аққулы ауданы Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебінің ,Ұрпақ үні,, облыстық жобасы аясында өткізіліп жатқан Абайдың қара сөздері челленджіне қатысушы 9- сынып оқушысы Құрманбай Ұлболсын Абайдың он жетінші қара сөзі.
Мұғалімі: Кусманова Батжамал Муслимовна.

17
Ақпан
2026

https://youtube.com/shorts/CipjbgOgLXA?si=KZIhrCB3GixzvRDG

2026 жылы 09 ақпан күні Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебінде
7-10 сыныптар арасында 9 ақпан - Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл орай «Поэзия! Менімен егіз бе едің?» атты Мұқағали ақынды еске алуға арналған әдеби-сазды кеш өтті. Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын ортаға салды. Оқушылардың көркем сөз оқу шеберлігін дамыту, поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру, эстетикалық талғамын қалыптастыру -кештің басты мақсаттарының бірі.
9- сынып оқушысы Әлібек Дана Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін мәнді де мәнерлі оқыды.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері:
Кусманова Батжамал Муслимовна
Альдикенова Айгуль Серикпаевна

17
Ақпан
2026

Аққулы ауданы Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебінің ,Ұрпақ үні,, облыстық жобасы аясында өткізіліп жатқан Абайдың қара сөздері челленджіне қатысушы 9- сынып оқушысы Әлібек Дана Абайдың
жетінші і қара сөзі.
Мұғалімі: Кусманова Батжамал Муслимовна.

17
Ақпан
2026

https://youtube.com/shorts/AAX7aUtaf-Y?si=MUfysO_snVMFWpWL

Кеш барысында ақын поэзиясындағы отансүйгіштік, махаббат, адамгершілік, туған жерге деген сағыныш сынды асыл құндылықтарды дәріптеу көзделді. Оқушылардың көркем сөз оқу шеберлігін дамыту, поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру, эстетикалық талғамын қалыптастыру -кештің басты мақсаттарының бірі.
Мұқағали-мәңгілік өмір! Ақын мұрасы, маржан поэзиясы-мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін мұрасы, ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлең құмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек. Ақынның сөзі өлмесе, өзі де өлмегені.
9- сынып оқушысы Кенжебай Бүрлен Мұқағали Мақатаевтың
«Шеше, сен бақыттысың!» өлеңін мәнді де мәнерлі оқыды.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері:
Кусманова Батжамал Муслимовна
Альдикенова Айгуль Серикпаевна

17
Ақпан
2026

Аққулы ауданы Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебінің ,Ұрпақ үні,, облыстық жобасы аясында өткізіліп жатқан Абайдың қара сөздері челленджіне қатысушы 7- сынып оқушысы Сүйіндік Айару. Абайдың
бірінші қара сөзі.
Мұғалімі: Кусманова Батжамал Муслимовна.

17
Ақпан
2026

Бескарағай жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мен мектеп директорының оқу ісі жөнінен орынбасары: Кусманова Батжамал Муслимовнаның «Педагогтің бір күні»
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы айтқандай:
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға деп
Осы асыл сөзді өмірлік ұстанымына айналдырған, 33 жыл бойы ұстаздық жолында талмай еңбек етіп келе жатқан Кусманова Батжамал Муслимовнаның бір күні ерте таңнан ерекше жауапкершілікпен басталады. Ол мектепке бәрінен бұрын ерте келіп, білім ордасының есігін күлімдеп ашады. Таңғы таза ауамен бірге мектеп дәлізіне жылылық сыйлап, әріптестерін де, оқушыларын да шат көңілмен қарсы алады. Мұғалімдерге ізгі тілек айтып, оқушыларға аналық мейіріммен қарап, жылы жүзбен амандасады. Оның сол бір шынайы күлкісі мен жүрек жылуы балаларға сенім ұялатып, күннің сәтті басталуына себеп болады. Мектеп табалдырығын аттаған әр шәкірт өзін қауіпсіз әрі қадірлі сезінеді.Сабақ барысында педагог тек білім үйретіп қана қоймайды,балаға бағыт-бағдар береді,қолдау көрсетеді.Бір оқушының сұрағына жауап берсе,екіншісінің көңіл күйін байқап,жігерлендіреді. Әр баланың жүрегіне жол табу-педагогтің басты міндеті. Сабақтан кейін де оның еңбегі аяқталмайды.Жоспар құрып,дәптер тексеріп,ата -анамен сөйлесіп,келесі күнге дайындалады.
Шаршағанымен,шәкірттерінің жетістігін көргенде,бар еңбегінің ақталғанын сезінеді. Педагогтің бір күні -тынымсыз еңбек,үлкен сабыр мен мейірімге толы күн. Осындай күндердің арқасында білімді,саналы ұрпақ қалыптасады.
Осылайша, Батжамал Муслимовнаның әрбір таңы - мейірім мен парасатқа толы ұстаздық жолдың жарқын көрінісі.

17
Ақпан
2026

https://www.instagram.com/reel/DU06uNRDNN5/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTc4MTIwNjQ2YQ==


Білім сапасын арттыру мақсатында Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебінің мектепалды сыныбында оқу-тәрбие жұмысы жүйелі түрде жүргізілуде. Білім беру үдерісі мемлекеттік стандарттар мен әдістемелік талаптарға сәйкес ұйымдастырылып, балалардың жас ерекшеліктеріне сай дамуына жағдай жасалған.

 

Мектепалды сыныбында бір күн тәрбие мен білім берудің жоспарлы режиміне сәйкес ұйымдастырылады. Таңертең балаларды тәрбиеші жылы қарсы алып, олардың денсаулығы мен көңіл күйіне назар аударады. Балалар еркін ойындар ойнап, таңғы жаттығу жасалып, психологиялық тренинг өткізіледі. Күннің бірінші жартысында ұйымдастырылған іс-әрекет өткізіледі. Бұл кезеңде балалар оқу қызметіне қатысып, әріптер мен сандарды қайталайды, сурет салады, жапсырады, құрастырады, тақпақ айтып, тапсырмаларын орындайды. Іс-әрекет балалардың танымдық, шығармашылық және сөйлеу қабілеттерін дамытуға бағытталады.

 

Сабақтан кейін балалар таза ауада серуендейді. Серуен барысында қимылды ойындар ойнап, дене жаттығуларын жасайды, табиғатты бақылап, бір-бірімен қарым-қатынас жасайды. Бұл олардың денсаулығын нығайтып, шынығуына ықпал етеді.

Осылайша, мектепалды сыныбындағы бір күн балалардың жан-жақты дамуына, денсаулығын сақтауға және мектепке дайындығын қалыптастыруға бағытталған.

© 2026. Все права защищены.