Павлодар облысы білім беру басқармасы, Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Бескарагайская средняя общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области |
|
---|
18
октября
2024
|
18 қазанда Аққулы ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен "Шабыт" шығармашылық фестивалінде біздің оқушылар тамаша өнер көрсетіп, командалық есепте 1-орынға ие болды!
Жекелеген номинациялар бойынша да жетістіктеріміз жоғары болды:
- "Ән көңілдің ажары" номинациясы бойынша Ахметов Нурали 2-орын;
- "Би" номинациясы бойынша 3-орын;
- "Аққулы ауданымызға — 85 жыл. Біз ауданымызды мақтан тұтамыз" макет байқауында 2-орын;
- "Домбырасыз ән қайда" номинациясы бойынша 1-орын.
Жетекшілері:
- ТЖДО: Ахметова А.Т.
- Аға тәлімгер: Кадырханова Г.Н.
- Домбыра үйірмесінің жетекшісі: Тілеубек Самет
- Музыка пәні мұғалімі: Ахметов К.А.
- Көркем еңбек пәні мұғалімдері: Сейсембеков С.Н., Тусупова Б.Е.
Барлық жеңімпаздар мен жетекшілерді осы жетістіктерімен құттықтаймыз!
15
мая
2024
|
15 Мамыр күні 7 қазақ сыныбында ата - аналар жиналысы өтті.
Мақсаты: 2023-2024 оқу жылының қорытындысымен ата- аналарды таныстыру, жазғы демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздік шараларын сақтауын қамтамасыз ету. Аралық аттестаттау және Жазғы мектеп жұмысы жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Сынып жетекшісі: Мазанова Б. Т.
18
октября
2024
|
17 қазан күні Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспары бойынша "Дұрыс тамақтану әдет-ғұрпын құру", "Бүкіл отбасы үшін пайдалы рацион", "Тамақ ішу" тақырыптарында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында ата-аналарға дұрыс тамақтану туралы бейнежазба көрсетіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл іс-шара отбасы мүшелерінің денсаулығын жақсартуға және тамақтану мәдениетін дамытуға бағытталған.
22
февраля
2024
|
В рамках декады общественно- гуманитарных предметов 15 февраля 2024 года в Бескарагайской СОШ была проведена игра- викторина "Мы- друзья русского языка" среди учащихся 5-6 классов. Цель мероприятия: раскрытие богатства русского языка, развитие интереса учащихся к предмету, расширение словарного запаса детей, воспитание культуры речи. Мероприятие провела учитель русского языка и литературы Мазанова Б. Т.
14
декабря
2023
|
Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің 7 қазақ сынып жетекшісі Мазанова Б. Т. " Тиімді әрі дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: оқушыларды дұрыс тамақтану мәдениетімен, ережелерімен таныстыра отырып, пайдалы және зиянды тағамдар туралы түсінік беру. Күнделікті өмірде оқушылардың тұтынып жүрген тағам түрлері, адам ағзасына әсерін анықтау.
Мазанова Б.Т. 7 сыныпта тәрбие сағатында кіріспе бөлімде баяндама оқыды.
“Кім шапшаң?”, “Тапқыр болсаң, талас жоқ”, “Жағдаяттарды шешу” кезеңдерін қамтыған тәрбие сағаты болды. Оқушылар белсене қатысып, өз ойларын ортаға салды. Ең бастысы дұрыс тамақтану туралы түсінік қалыптастырып, нақты ақпараттар алды.
2024 жылы мамыр айының 16 - күні Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебінде «Қолжетімді сапалы білім беру» Ұлттық баяндамасын іске асыру бойынша құрылған Жол картасы аясында Абай атындағы негізгі жалпы білім беру мектебі мен Баймульдин жалпы орта білім беру мектебінің жұмыс жоспарының негізінде семинар өтті.
«Дарынды балалармен жұмыс: ізденіс және шешу жолдары»
Ұстаз жетістігі – мектеп мәртебесі (педагогтардың шығармашылық шеберлігін шыңдау) атты тақырыбында мұғалімдер тәжірибе алмасты.
Сонымен қатар мұғалімдермен психологиялық тренинг өтті. Семинар өз дәрежесінде жоғары деңгейде өтті.
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Батжамал Муслимовна Кусманова
12
декабря
2023
|
Бесқарағай ЖОББМ 7 сынып оқушыларымен " Көміртегі тотығы. Қауіпсіздік шаралары.", "Үсік алудағы алғашқы медициналық көмек", "Тыныс алу мүшелері мен теріге арналған жеке қорғаныс құралдары" тақырыбында интерактивті сабақтар өткізілді.
Сынып жетекшісі: Мазанова Б. Т.