ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысы білім беру басқармасы, Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Бескарагайская средняя общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области
Бескарагай а.
+7 (718) 394 13 45
beskaragai@aqqulyroo.edu.kz

Павлодар облысы білім беру басқармасы, Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Бескарагайская средняя общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
15
Қаңтар
2026

Бесқарағай ЖОББМ ауа райының қолайсыздығына байланысты 16 қаңтар күні 4 сыныпта сабақтар қашықтық форматында өтті. Вацап видео сабағы арқылы өткізілді.Математика
сабағы, тақырыбы "Бір бағыттағы қуып жету қозғалысы".
Оқушыларға бір бағытта қозғалған екі дененің қуып жету қозғалысын түсіндіру,жылдамдық,уақыт және қашықтық арасындағы байланысты қолдана отырып есептерді шығару.Оқушыларға видео сабақтар көрсетіліп есептер орындады. Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебінің оқу ісінің меңгерушісі Кусманова Б.М қатысты.Сабақ соңында кері байланыс ұйымдастырылып,орындалған тапсырмалар сараланып,оқу мақсаттарының толық жүзеге асқанын айқындалды.
Сынып жетекшісі:
Рахимжанова Ж.Б

15
Қаңтар
2026

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты сабақтар қашықтықтан өткізілді.3-сынып
Математика пәні
Пән мұғалімі:Кадырханова Г.Н.

15
Қаңтар
2026

Бесқарағай ЖОББМ ауа райының қолайсыздығына байланысты 16 қаңтар күні 2 сыныпта сабақтар қашықтық форматында өтті. Математика сабағы, тақырыбы " Геометриялық фигуралардың және сандардың тізбегі"
Пән мұғалімі Жумашева Д.А.

15
Қаңтар
2026

Ауа-райының қолайсыздығына және ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты 2026 жылы , 15 қаңтар күні Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебінің мектепалды сыныбындағы сабақтар қашықтықтан өткізіліп,видео сабақтар қаралды.Сынып жетекшісі: Б.Е. Тусупова

15
Қаңтар
2026

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2026 жылғы 16 қаңтар күні
7-сыныпта қазақ әдебиеті сабағы қашықтықтан оқыту форматында вацап видеосабағы арқылы өткізілді. Сабақтың тақырыбы «Күңіреніп көкірегі нар қобыздай…» Сабақ барысында білім алушылар тақырып мазмұнын терең түсінуге бағытталған танымдық әрі шығармашылық тапсырмаларды жоғары белсенділікпен орындады. Мәтінмен жұмыс жасау арқылы негізгі ойды анықтап, көркем тіл өрнегін талдап, шығармадағы рухани мәнді ашуға талпынды. Оқушылар өз пікірлерін дәлелді түрде жеткізіп, ой бөлісу барысында сабаққа қызығушылық танытты.
Сабақ соңында кері байланыс ұйымдастырылып, орындалған тапсырмалар сараланып, оқу мақсаттарының толық жүзеге асқаны айқындалды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Кусманова Батжамал Муслимовна

15
Қаңтар
2026

15 января 2026 года в 9 классе был проведён урок по русскому языку и литературе 

Форма проведения: дистанционный урок

Платформа: (Zoom )

Тема урока:

«Взаимоотношение поколений в семье. “Чтобы стать мужчиной, мало им родиться”.

К. Г. Паустовский. Рассказ “Телеграмма”»

Цели урока

– раскрыть проблему взаимоотношений поколений в семье на примере рассказа К. Г. Паустовского «Телеграмма»;

– сформировать умение анализировать художественный текст и поступки героев;

– закрепить навыки выразительного чтения и работы с текстом в дистанционном формате.

– воспитывать уважительное отношение к старшему поколению;

– формировать чувство ответственности за свои поступки;

– способствовать осмыслению понятий долга, совести, человечности.

Ход дистанционного урока

Ознакомление с темой и целями занятия.

Актуализация знаний

Онлайн-беседа о понятии «взаимоотношения поколений», обсуждение роли семьи в жизни человека. Вопросы в чате.

Изучение нового материала

Краткие сведения о жизни и творчестве К. Г. Паустовского. Анализ содержания рассказа «Телеграмма», работа с ключевыми эпизодами. Обсуждение поступков героев, их нравственного выбора.

Закрепление материала

Ответы обучающихся на проблемные вопросы:

– в чём трагедия героев рассказа;

– что означает фраза «Чтобы стать мужчиной, мало им родиться»;

– какие уроки можно извлечь из произведения.

Индивидуальные задания (мини-эссе или устный комментарий).

Рефлексия

Обсуждение значимости темы урока для современной жизни. Онлайн-обратная связь (устно или в чате).

Домашнее задание

Написать мини-сочинение или подготовить сообщение на тему взаимоотношений поколений в семье по рассказу «Телеграмма».

15
Қаңтар
2026

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2026 жылғы 16 қаңтар күні
5-сыныпта қазақ әдебиеті сабағы қашықтықтан оқыту форматында вацап видеосабағы арқылы өткізілді. Сабақтың тақырыбы: «Егіннің бастары.
Әке өсиеті» болды. Сабақ барысында білім алушылар мәтін мазмұнымен танысып, негізгі ойды анықтау, кейіпкерлер әрекетіне баға беру бағытында тапсырмалар орындады. Қашықтықтан оқыту платформасы арқылы оқушылардың белсенділігі қамтамасыз етіліп, сұрақ-жауап, пікір алмасу әдістері қолданылды.
Оқушылар өз ойларын жүйелі жеткізіп, сұрақтарға нақты жауап беріп, шығармашылық тапсырмалар арқылы тақырыпты терең меңгерді.
Сабақ соңында оқушылар тақырып бойынша өз ойларын білдіріп, адамгершілік, еңбекқорлық және әке өсиетінің тәрбиелік мәнін түсінді.
Сабақ мақсатына толықтай қол жеткізілді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Кусманова Батжамал Муслимовна

15
Қаңтар
2026

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2026 жылы 15 қаңтар күні
9-сыныпта қазақ әдебиеті сабағы қашықтықтан оқыту форматында өткізілді. Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы. Құлагер бейнесі. Сабақ онлайн платформа арқылы ұйымдастырылып, білім алушылардың сабаққа толық әрі белсенді қатысуына мүмкіндік жасалды.
Сабақ басында І. Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығына шолу жасалып, поэманың жазылу тарихы мен тақырыптық-идеялық бағыты түсіндірілді. «Құлагер» поэмасындағы Құлагер тұлпарының бейнесі, оның еркіндік пен сұлулықтың, жүйріктік пен адалдықтың символы ретіндегі маңызы талданды. Сабақ барысында поэмадан үзінділер оқылып, көркемдік ерекшеліктері, тілдік бейнелеу құралдары анықталды. Оқушылар шығарманың негізгі идеясын ашу мақсатында сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін білдірді. Қашықтықтан оқытуға сәйкес талдау, ой қорыту, салыстыру тапсырмалары орындалды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Кусманова Батжамал Муслимовна

© 2026. Все права защищены.